Ақмола облысында «Астана – Петропавл» тасжолында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды ult.kz.
Жаңаталап ауылының маңында жол апаты болған.
ТЖД хабарлауынша, құтқарушылар жеткенше көлікті от толық шарпыған.
Жол апатынан аман қалған бір адам дене күйігімен аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетілген.
Қазіргі уақытта қаза тапқандардың аты-жөні мен апаттың себептері анықталып жатыр.