Көлік капотынан 8,5 келі гашиш табылды: күдікті Алматыға бара жатқан

Көлік капотынан 8,5 келі гашиш табылды: күдікті Алматыға бара жатқан
Видеодан скриншот

Жамбыл облысында полицейлер Алматыға жеткізілмек болған 8,5 келі гашиштің заңсыз айналымға түсуіне жол бермеді, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Қордай – Алматы» автожолында тоқтатылған Chevrolet көлігін қызметтік иттің көмегімен тексеру барысында капоттың астынан полиэтилен пакетке салынған есірткі табылған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 55 жастағы ер адам гашишті Алматыға жеткізбек болған. Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны шамамен 10 миллион теңгені құрайды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, істің мән-жайы анықталып жатыр.