Көкшетауда екі бозбаланы тоқ соқты: бірі қаза тауып, бірі ауруханаға түсті

Көкшетауда екі бозбаланы тоқ соқты: бірі қаза тауып, бірі ауруханаға түсті
әлеуметтік желіден

Көкшетауда металл көтеріп жүрген 18 жастағы жігітті тоқ соғып, көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.

Көкшетауда қайғылы оқиға салдарынан 18 жастағы бозбала электр тогынан қаза тапты. Оның жанында болған 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Оқиға 22 шілде күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі жас жігіт металл конструкциямен жұмыс істеп жатқан кезде қатты желдің әсерінен металл жоғары кернеулі электр желісіне тиіп кеткен. Соның салдарынан екеуін де электр тогы соққан.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 22 шілдеде «103» қызметіне электр жарақаты туралы хабарлама түскен.

«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткен кезде 2008 жылы туған жас жігіттің қайтыс болғаны анықталды», – деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға кезінде бірге болған 17 жастағы бозбала ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.