Freedom Inside '26

«Көкшетау» ұлттық паркінде өрт шығып, 11 гектардан астам аумақ зардап шекті

«Көкшетау» ұлттық паркінде өрт шығып, 11 гектардан астам аумақ зардап шекті
Үкімет

Ақмола облысындағы «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орман өрті тіркелді. Қазір тілсіз жау толықтай сөндірілді, деп хабарлайды ult.kz.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 маусым күні сағат 15:59 шамасында ұлттық парктің Арықбалық филиалына қарасты Торғай орманшылығында өрт шыққан.

Мәліметке сәйкес, қызыл жалын жалпы 11,58 гектар аумақты шарпыған. Оның 0,38 гектары орман алқабы болса, 11,2 гектары ормансыз жайылым жерге тиесілі.

Өртті сөндіруге 24 адам мен 8 арнайы техника жұмылдырылды.

«Көкшетау» ұлттық паркінің мамандары тұрғындарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Мамандардың айтуынша, болмашы ұқыпсыздықтың өзі табиғатқа орасан зиян келтіруі мүмкін.