Танымал продюсер Баян Алагөзова күйеуі Тұрсен Алагөзовпен түскен романтикалық суретін жариялап, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды ult.kz, QirTösek парақшасына сілтеме қалдырып.
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жолдасымен сүйісіп тұрған сәтін көпшілікке көрсеткен. Жазбасына ол:
«Махаббатың қадірлеп заңдарын, адамның бітпес арманы», - деп жазған.
Алайда ерлі-зайыптылардың романтикалық видеосы желі қолданушыларының бір бөлігіне ұнамай, түрлі сын-пікірлер айтылған.
«Зачем личное выставлять напоказ», «Аша Матайдың үлкен әпкесі ғой… бүкіл елдің алдында жалаңаш бұттарымен сүйісу», «Фу! Без внимания қалып осы лай істеген», «50-ден астың, 60 жақындап қалды, немерелерің бар ақ жаулықты әжесің ғой», «Қанша жерден боянып, ерінге, бетке блефаропластика жасатып, жастарша киінсең де, кемпір екеніңді мойында», - деп жазды оқырмандар.
Сонымен қатар продюсерді қолдағандар да табылды. Олар адамның жасына қарамастан жұбайына сезімін ашық білдіруінде тұрған ештеңе жоқ екенін айтып, Баян Алагөзованың өзіне күтім жасап, бақытты өмірін көрсетуге құқығы бар екенін жазған.
Желіде тараған видео көпшіліктің пікірін екіге бөлді. Бірі мұндай жеке сәттерді көпшілікке көрсетуді артық деп санаса, енді бірі ерлі-зайыптылар арасындағы махаббатты жасырудың қажеті жоқ екенін алға тартты.