Қазақстанның бірқатар облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Қазгидрометтің хабарлауынша, Маңғыстау облысында 1-3 шілде аралығында күн 43-46 градусқа дейін, Батыс Қазақстан облысында 40-43 градусқа дейін ысиды.

1-3 шілдеде Атырау облысының басым бөлігінде, ал 4 шілдеде кей аумақтарында 40-43 градусқа дейінгі ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысында 1-4 шілдеде 40-42 градусқа дейін ыстық болады деп болжануда. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.

Ақмола облысында 30 маусым мен 2 шілде аралығында солтүстік-батыстан оңтүстікке ойысқан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр айналасында болады. Сондай-ақ, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және күндіз тұман түседі.

Астанада 30 маусым - 2 шілде аралығында найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан оңтүстікке ойысқан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Дауыл тұру ықтималдығы - 80-85%.

Қостанай облысында 30 маусым күні кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстіктен жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Кей жерлерде түнде және күндіз тұман түседі. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.

Қарағанды облысында 30 маусым күні кей жерлерде ауа райының температурасы 40 градусқа дейін жетіп, күн қатты ысиды. Кенет жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Дауыл тұру ықтималдығы - 95-100%.