Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты


Қазақстандық Тимофей Скатов Португалиядағы Оэйраш челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүниежүзілік рейтингте 441-орында тұрған 20 жастағы теннисші екінші айналымда әлемнің 316-ракеткасы, португалиялық Гонсалу Оливейрамен кездесті. 

Т.Скатов 1 сағат 16 минутқа созылған матчта 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Т.Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 363-ракеткасы, испаниялық Николас Санче-Искердомен таласады.

Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов чехиялық Роман Жебавымен бірге жұптық сында Парма (Италия) ATP турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық-чехиялық жұп испаниялықтар Давид Морреро - Давид Вега-Эрнандесті 6:7 (3:7), 6:2, 10:6 есебімен тізе бүктірді. Енді олар ширек финалда осы доданың 1-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле - Йоран Флигенмен шеберлік байқасады.