Қазақстандық боксшылардың IBO рейтингіндегі позициялары қандай?

Қазақстандық боксшылардың IBO рейтингіндегі позициялары қандай?

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBO) барлық салмақ дәрежелеріндегі боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Суперауыр салмақта Жан Кособуцкий 28-ші орыннан 29-шыға түсіп қалса, Руслан Мырсатаев 79-ші орыннан 75-ке көтерілген. 

Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев 65-тен 61-ге көтерілді, Әли Балоев бір саты жоғары көтеріліп, енді 77-ші орыннан көрінді, Еділ Қожамбердиев 89-шы орында қалды. 

Жартылай ауыр салмақта Бек Нұрмағанбет 88-ші орынды сақтап қалған. Екінші орта салмақ дәрежесінде Айдос Ербосынұлы бұрынғыдай 16-шы болып қалса, Нұрзат Сабыров – 42-ші орында қалды, ал Әли Ахмедов екі саты жоғары көтеріліп, 80-ші орында тұр. 

Геннадий Головкин чемпиондықты сақтап қалған, ал IBO-ның орта салмақ дәрежесінде Қанат Ислам бұрынғыдай 13-ші орында қалды. Тағы бір қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 18-ші орыннан 17-шіге, Мейірім Нұрсұлтанов 22-ші сатыдан 21-шіге көтерілді, Абай Төлеш 99-шы нөмірмен үздіктер «жүздігіне» кірді. 

Бірінші орта салмақта Садриддин Ахмедов бір саты төмен түсіп, 29-шы орыннан көрінді. Жартылай орта салмақ дәрежесінде Данияр Елеусінов бір саты жоғары көтеріліп, енді 21-ші орында тұр, ал Нұрсұлтан Жаңабаев 61-ші орыннан 58-шіге көтерілді, Бобиржан Моминов екі саты жоғары көтеріліп, енді 66-шы болды. 

Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақта үздіктер «ондығынан» шығып кетіп, енді 11-ші орында тұр. 

Жеңіл салмақта жұдырықтасып жүрген Нұртас Әжбенов 96-шы орыннан 94-шіге көтерілді. Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде Сұлтан Зауырбек төрт саты жоғары көтеріліп, енді 48-ші орында тұр, Станислав Калицкий рейтингке 63-ші нөмірмен енгізілді. 

Ең жеңіл салмақта Елшат Нығметолла бұрын 39-шы орында тұрса, енді 42-ші орынға түскен.