Қазақстанда жаңа жәрдемақыны 382 мың отбасы алды

Қазақстанда жаңа жәрдемақыны 382 мың отбасы алды

2020 жылдың екі айында 382 мың отбасы жаңа жәрдемақы алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Көпбалалы отбасыларды қолдау 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент балалары бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы төлеу есебінен қамтамасыз етілді. Аталған мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде беріледі: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге. 2020 жылдың 2 айында 382 мың отбасы жәрдемақы алып, 36 млрд теңге төленді», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылы мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдерді төлеуге 693 млрд теңге қарастырылған.