Қазақстанда коронавирусқа шалдығу 36 пайызға төмендеді

Қазақстанда коронавирусқа шалдығу 36 пайызға төмендеді


Қазақстанда коронавирусқа шалдығу 36 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүкіл әлемде КВИ-дің 230 млн-нан астам жағдайы тіркелді. Тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр, 4,7 млн-нан астам адам қаза тапты. ДДСҰ Еуропалық өңірінің мәліметтеріне сәйкес, соңғы 2 аптада 54 елдің 22-сінде ауру өсімі байқалады. Соңғы 14 күннің ішінде аурудың ең жоғары өсімі Украинада байқалып, онда 1 апта ішінде вирус жұқтыру 100 пайыздан астамға, Польша, Венгрия, Молдовада 77 пайызға, Армения, Түркия, Беларусьта 16-дан 30 пайызға дейін өсті», - деді Алексей Цой. 

Оның дерегінше, коронавирус жұқтыру көрсетіші ДДСҰ еуропалық өңірлік бюросына кіретін 32 елде төмендеген. Атап айтқанда, Испанияда – 57, Швейцария, Франция және Әзербайжанда – 40, Қырғызстанда – 36, Грузияда – 32, Италияда – 28, Израильде – 21, Германияда 18 пайызға азайған. 

«Қазақстанда да науқастану көрсеткішінің төмендегені байқалып, соңғы 2 аптада ауру жұқтыру көрсеткіші 36 пайызға төмендеді», - деді министр.

Алексей Цойдың айтуынша, 1 тамыздан бастап елімізде инфекциялық төсек-орындар жүктемесі 56-дан 33 пайызға, реанимациялық төсек-орын жүктемесі 45-тен 32 пайызға төмендеді. Республикада 57 ковидтік стационар жабылды.