Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады

Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады


Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін сағат 17:00-де ҚР Әскери әуе күштерінің С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері келді», - делінген министрлік мәліметінде. 

Одан басқа, осы бортпен Қырғызстан тарапының өтініші бойынша бұл елдің 14 азаматы эвакуацияланды. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен ҚР Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды. 

«Қазақстан Республикасы әрдайым шетелдегі өз азаматтарының мүдделері мен құқықтарын қорғайды», - деп аталып өткен хабарламада.