Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Қазақавтожол» ЖШС сатылатын болды

«Қазақавтожол» ЖШС сатылатын болды

«Қазақавтожол» ЖШС сатылатын болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР ҚМ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінен (gosreestr.kz) белгілі болғандай, ЖШС-ның бастапқы бағасы 18,5 млрд теңгеге (нақтырақ, 18 583 219 000 теңге) бағаланған. Кепілдік жарна - 2,7 млрд теңге.

Тендерлік шарттарға сәйкес, сенімгерлік басқару мерзімі 3 жылға беріледі. Осы уақыттың ішінде сатып алушы сенімгерлік басқару мерзімі ішінде қызмет бейінін сақтай отырып, мамандандырылған жол-пайдалану техникасы мен автокөлікті (кемінде 300 бірлік), жабдықты (кемінде 200 бірлік) сатып алуды қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен бірге, мамандандырылған жол-пайдалану техникасы мен автокөліктің жалпы санынан кемінде 90 пайызы жарамды жай-күйде ұсталуы керек.

Тендердің шарттарының бәрін де мына сілтемеден көруге болады.