Freedom Inside '26

«Қайраттың» Конференция лигасы топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды

«Қайраттың» Конференция лигасы топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды


Алматылық «Қайрат» командасының UEFA Конференция лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қайрат» Н тобында сынға түседі. Команда қарсыластары - «Базель» (Швейцария), «Карабах» (Әзербайжан), «Омония» (Кипр). 

Жарыстың аталған сатысында барлығы 32 клуб сынға түспек. Олар төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген. 

Айта кетейік, «Қайрат» алдымен Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби Хайфа» клубынан (1:1, 2:0) басым түсті. Одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» клубына (2:1, 0:5) жол беріп қойды. 

Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Қайрат» Арменияның «Алашкертіне» (0:0, 2:3) есе жіберді.

Ал Конференция лигасы плей-офф сатысында Люксембергтің «Фоласын» (3;1, 4:1) орта жолда қалдырды.