Кәсіпкерлерге заңсыз қысым: екі нұсқаманың күші жойылды

Кәсіпкерлерге заңсыз қысым: екі нұсқаманың күші жойылды
gov.kz

Қызылорда облысының Шиелі ауданында кәсіпкерлерге заңсыз талап қойған санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің әрекеті анықталды, деп хабарлайды ult.kz.

Аудан прокуратурасының тексеруі барысында екі кәсіпкерге мемлекеттік бақылау шаралары заң талаптарын бұза отырып жүргізілгені белгілі болды. Кәсіпкерлердің тізілімге енгізілгеніне үш жыл толмаса да, оларға анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Прокуратураның қадағалау актісінен кейін заңсыз шығарылған екі нұсқаманың күші жойылды.

Ал заң бұзушылыққа жол берген мекеме басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.