Астанада жаңа туған нәрестенің мәйітінің табылуына байланысты 29 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы құқық қорғау органдары мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті әйел қонақүйлердің бірінде босанып, жаңа туған сәбиді кәріз жүйесіне тастаған болуы мүмкін.
Полицияның хабарлауынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
– Нәрестенің мәйіті табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Ұсталған 29 жастағы әйелден жауап алынуда, – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Еске салайық, жантүршігерлік оқиға елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде анықталған болатын. Тұрғындар кәріз жүйесінен жаңа туған нәрестенің мәйітін тауып, оның көрші орналасқан қонақүйден кәріз құбырлары арқылы ағып келген болуы мүмкін екенін айтқан.
Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін күдіктінің кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденуге тиіс.