Әлемге танымал рэпер Канье Уэст Алматы әуежайына келгенде қазақы дәстүрмен ерекше қарсы алынды, деп хабарлайды ult.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан ұлттық киім киген қыз-жігіттердің дәстүрлі қазақ биін орындап, өнерпазды қарсы алғанын көруге болады. Рэпер олардың биін камерасына түсіріп алған. Сонымен қатар қонақты батырлардың киімін киген жастар қарсы алып, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылған.
Канье Уэст бүгін Қазақстандағы алғашқы концертін өткізеді. Әлемдік жұлдыздың концерті Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Осыған байланысты қалада көлік қозғалысына өзгерістер енгізіліп, қоғамдық көліктің кей бағыттарының жұмыс уақыты өзгертілді. Сондай-ақ Алматының бірқатар көшесі уақытша жабылды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.