Бірнеше күн бұрын Juzzefina лақап атымен танымал блогер, әнші Жұлдыз Жауынбаева тікелей эфирде өзін туған әкесі зорлағанын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды ult.kz.
Turkistan.tv мәліметінше, Қостанай облысының Полиция департаменті бұл факті бойынша тексеру жүргізіп, блогер айтқан ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді.
«Әлеуметтік желілерде блогердің қатысуымен түсірілген бейнематериалдар таралуда. Онда ол әкесінің тарапынан бала кезінде өзіне қатысты құқыққа қарсы жыныстық іс-әрекеттер жасалғанын мәлімдейді. Тікелей эфир барысында бойжеткен балағат сөздер айтып, өзін орынсыз ұстаған. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, туыстарынан жауап алып, жарияланған материалдарды зерделеді. Ата-анасының айтуынша, бейнематериалдарда келтірілген мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ олар қыздарымен ұзақ уақыттан бері байланыс жасамайтынын хабарлаған. Тараптардың барлық уәждері тексерілетін болады», - делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ блогердің ата-анасы оған қарсы арыз жазған.
«Сонымен қатар, ата-анасының арызы негізінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ бойжеткен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады.