Ислам мемлекеті* ТМД елдеріне қарай ойысуы мүмкін

Ислам мемлекеті* ТМД елдеріне қарай ойысуы мүмкін

Мәскеуде өткен халықаралық конференцияда РФ ІІМ басқармасының бастығы Олег Ильиных Ислам мемлекеті* ТМД елдеріне қарай ойысуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Ол террорлық ұйымның алдағы жоспарына қатысты болжам жасаған.

"Халифат Сирия мен Иракта стратегиялық жеңіліске ұшырады. Бұл Ислам мемлекетінің* енді Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен  Армения сынды мемлекеттерге қарай ойысуына әкеліп соғуы мүмкін", - деді Олег Ильиных.

Оның айтуынша, Ресейде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" тобы өз идеяларын барша әлемге таратуды көздейді.

*Ислам мемлекеті, ИГИЛ — Қазақстанда және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым.