Желіде Алтай өлкесіндегі шағын қалалардың бірінің депутаты түскен видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Жергілікті Телеграм-арналарда тараған бұл бейнежазбада Роман Беляков есімді депутат мас күйінде әйелін қорқытып, жиһаздарды сындырған.
Сондай-ақ ол өзін ешкім сабасына түсіре алмайтынын айтып, әйеліне өзінің биліктегі лауазымды мәртебесін көлденең тартқан.
э«Банкфакс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Каменск аудандық жиналысының муниципалды депутаттары әдеп жөніндегі комиссия отырысына жиналып, Беляковтың бұл әрекетін талқылауды жоспарлап отыр.