Қазақстандықтарды 6 миллиард теңгеден астам сомаға алдады деп күдікке ілінген әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды, деп хабарлайды ult.kz.
Күдікті 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Ол Түркияның Анталия қаласында ұсталып, бес жылға жуық уақыттан кейін елге қайтарылды.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 46 жастағы әйел 2018–2020 жылдары сыбайластарымен бірге әрекет етіп, сенімге кіру арқылы 1300-ден астам азаматтың қаражатын иемденген. Жалпы келтірілген залал көлемі 6 миллиард теңгеден асады.
26 маусымда ол Түркия Республикасынан Қазақстанға депортацияланды.
Айта кетейік, жыл басынан бері ішкі істер органдары алаяқтық фактілері бойынша 117 күдіктіні ұстаған. Олардың келтірген жалпы шығыны 17 миллиард теңгеден асқан.