ІІМ ЖСН-ді өзгертуге қатысты ақпаратты түсіндірді

ІІМ ЖСН-ді өзгертуге қатысты ақпаратты түсіндірді
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) өзгертуге болады деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл мәліметке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ult.kz.

Азаматтар заңнама талаптарына сәйкес уәкілетті органдарға жүгініп, аты-жөнін және басқа да дербес деректерін өзгерте алады.

Алайда ІІМ мәліметінше, ЖСН азаматқа бір рет беріледі және кейін өзгертілмейді.

Яғни адамның аты-жөні немесе басқа дербес деректері өзгерген жағдайда да оның ЖСН-і өзгеріссіз қалады.