Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар жасөспірімдерден sim-карталар мен әлеуметтік желідегі аккаунттарды алып, оларды алаяқтық қоңыраулар жасауға пайдалануда, деп хабарлайды ult.kz. Полиция мұндай әрекеттер қылмысқа жәрдемдесу болып саналатынын ескертті.
ІІМ азаматтарды күмәнді sim-карталарды таратпауға, аккаунттарын бөгде адамдарға бермеуге, кәмелетке толмағандарға мұның салдарын түсіндіруге және күдікті жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.
Олар азаматтарды:
- шығу тегі күмәнді sim-карталар мен құрылғыларды сатып алмауға және таратпауға;
- өз аккаунттарын үшінші тұлғалардың пайдалануына бермеуге;
- кәмелетке толмағандарға мұндай әрекеттердің жауапкершілігі мен салдарын түсіндіруге;
- абоненттік нөмірлерді мессенджерлерде тіркеп, кейін оларды бөгде адамдарға бермеуге;
- күдікті әрекеттер байқалса, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.