Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті (ВИДЕО)

Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті (ВИДЕО)
Коллаж: видеодан кадр

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекованың үшінші келіні, әнші Заңғар Нұртастың жары Индира Мауленова үйіне жұмысқа алынған қызметшіге қатысты күтпеген жағдайды бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.

Индираның сөзінше, үй қызметшісі арнайы агенттік арқылы жұмысқа орналасқан. Алайда біраз уақыттан кейін әйел ешкімге ескертпестен үйден кетіп қалған.

Әншінің жарының айтуынша, қызметші үйді жинап қана қоймай, үйдегі ақша мен кейбір заттарды да алып кеткен. Кейін оның жеке құжаттары табылған.

Оқиғадан кейін Индира Мауленова әлеуметтік желідегі оқырмандарына үйге қызметші аларда мұқият болуға кеңес берді.