Geely Galaxy EX5 EM-i Қазақстанның гибрид көліктер нарығындағы көшбасшылығын нығайтып келеді

Geely Galaxy EX5 EM-i Қазақстанның гибрид көліктер нарығындағы көшбасшылығын нығайтып келеді
Allur

Geely Galaxy EX5 EM-i Қазақстандағы гибрид автокөліктер сегментінде көш бастап тұр. 2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша кроссовер елдегі ең көп сатылған гибрид көлік атанды. Ал қаңтар-қыркүйек аралығындағы жалпы сатылым көлемі 1 470 бірлікке жетті. Бұл туралы Қазақстанның Автокөлік бизнесі қауымдастығының (ҚАБҚ) деректерінде көрсетілген.

Алдыңғы айларда да жоғары сатылым көрсеткен Geely Galaxy EX5 EM-i-ге деген сұраныс тұрақты сақталып отыр. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша модель Қазақстанда ең көп сатылған гибрид автокөліктер рейтингінде бірінші орынды иеленіп, жақын бәсекелестерінен озық шықты.

ҚАБҚ статистикасына сәйкес, 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ең көп сатылған гибрид модельдердің үштігі мынадай:

Geely Galaxy EX5 EM-i – 1 470 автокөлік;

BYD Song Plus DM-i – 1 361 автокөлік;

Toyota Camry – 1 046 автокөлік.

Бірінші және екінші орындардағы модельдердің сатылым көрсеткіштері арасындағы айырмашылық – 109 автокөлік. Ал Geely Galaxy EX5 EM-i Toyota Camry-ден 424 бірлікке озып тұр.

Geely Galaxy EX5 EM-i моделінің сатылым бойынша бірінші орынға шығуы брендтің Қазақстан нарығындағы дамуының маңызды кезеңі болды. Сонымен қатар жоғары бәсекелестік жағдайында көшбасшылық позициясын сақтап қалуы да назар аудартады.

Қазақстанда гибрид автокөліктер сегменті біртіндеп нарықтың шағын бөлігінен дәстүрлі бензинмен жүретін көліктерге толыққанды баламаға айналып келеді. Сатып алушылар үшін отын үнемділігі, жүріс қоры, технологиялық мүмкіндіктері мен күнделікті пайдаланудағы қолайлылығы негізгі таңдау өлшемдеріне айналған.

Geely Galaxy EX5 EM-i осы талаптарға электр қозғалтқышы мен бензин қозғалтқышының артықшылықтарын біріктіретін интеллектуалды гибрид жүйесі арқылы жауап береді.

Кроссовердің жалпы жүріс қоры 1 003 шақырымға дейін жетеді. Ал тек электр қуатымен 100 шақырымға дейін жүре алады. Салмақталған отын шығыны 100 шақырымға 2,4 литрді құрайды. Бұл көрсеткіш модельді қала ішіндегі күнделікті сапарларға да, алыс қашықтыққа саяхаттауға да қолайлы етеді.

Модельдің нарықтағы нәтижелеріне оның Қазақстанда шығарылуы да қосымша мән береді.

Айта кетейік, Geely Galaxy бренді 2025 жылы Allur автомобиль компаниясының модельдер қатарына қосылды. EX5 EM-i өндірісі Қостанайдағы Allur зауытында ұйымдастырылды. Бұл модель Қазақстанда өндірісі жолға қойылған алғашқы жеңіл гибрид автокөлік болды.

Осылайша, Geely Galaxy EX5 EM-i моделінің жетістігі тұтынушылардың заманауи гибрид технологияларына қызығушылығын ғана емес, отандық автомобиль өнеркәсібінің де дамуын көрсетеді.

Модельдің нарықтағы сұранысына оның техникалық сипаттамаларымен қатар, сатып алушыларға ұсынылатын тиімді шарттар да ықпал етеді. Атап айтқанда, Trade-in бағдарламасы және бастапқы жарнасыз несие рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.

Қолданыстағы арнайы ұсыныс аясында Geely Galaxy EX5 EM-i автокөлігінің бастапқы бағасы 12 099 000 теңгені құрайды.

Заманауи технологиялар, отын үнемділігі және бәсекеге қабілетті бағаның үйлесуі модельдің гибрид автокөліктер сегментіндегі басқа маркалармен бәсекелесуіне мүмкіндік беріп отыр.

2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы Geely Galaxy EX5 EM-i моделінің Қазақстандағы гибрид автокөліктер нарығында бірінші орынға шығып қана қоймай, көшбасшылық позициясын нығайтқанын көрсетеді. Қыркүйек айындағы сатылым нәтижелері де модельге деген сұраныстың тұрақты екенін аңғартады. Ал тоғыз айда сатылған 1 470 автокөлік оның Қазақстан нарығындағы орнын айқындай түсті.