Наташа Қалымбетова қуанышты жаңалығын айтты

Наташа Қалымбетова қуанышты жаңалығын айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Көп жыл бұрын қызынан ажырап қалған қазақстандық Наташа АҚШ-та онымен кездесті. Анасы мен қызы туыстығын сотта ресми түрде растау үшін ДНҚ сараптамасының қорытындысы оң көрсеткіш көрсетті, деп хабарлайды ult.kz.

Наташаның айтуынша, ұзақ жылдарға созылған айырылысуға қарамастан, екеуі әңгімелескен алғашқы сәттерден-ақ бірін-бірі таныған.

Қазір анасы мен қызы бірге уақыт өткізіп, алдағы күндерге жоспар құрып жүр. Олар АҚШ-ты аралап, Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қалаларына баруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Наташа Қалымбетованың қызына қатысты тың дерек шықты. 

Не жағдай болды? 
 

Еске салайық, Наташаның оқиғасы 2026 жылы қоғам назарын аударды. Ол жасөспірім кезінде зорлыққа ұшырағанын, кейін дүниеге келген қызын ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты сәбилер үйіне қалдыруға мәжбүр болғанын айтқан.
 

Әйелдің сөзінше, баласын бірнеше жыл бойы барып көріп жүрген, кейін оны АҚШ азаматтары асырап алғанын білген. Осы мәлімдемелерден кейін Батыс Қазақстан облысының полициясы қылмыстық іс қозғаған.