Forbes Kazakhstan 2026 жылғы Қазақстандағы ең ықпалды 25 әйелдің жыл сайынғы рейтингін жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Рейтингте бірінші орынға Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова жайғасты. Екінші орында – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова, ал үздік үштікті Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева түйіндеді.
Төртінші орынға Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, бесінші орынға кәсіпкер әрі эколог Әсел Тасмағамбетова енді.
Үздік ондыққа сондай-ақ «Милосердие» ерікті қоғамы» қорының негізін қалаушы Аружан Саин, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова және Президенттің Телерадиокешені бас директоры Раушан Қажыбаева кірді.
Рейтингтегі әйелдердің басым бөлігі бизнес саласының өкілдері. Бұл бағытта жеті қатысушы бар. Мемлекеттік басқару және қаржы секторларынан бес-бес әйелден енген. Тізімде ғылым, мәдениет, қайырымдылық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері де бар.
Рейтингке қатысушылардың орташа жасы – 52 жас. Ең жасы – 39 жастағы Әсел Жанасова, ал ең үлкені – 69 жастағы Жания Әубәкірова.
Рейтинг сарапшылардың бағалауы, сандық көрсеткіштер және қатысушылардың бұқаралық ақпарат құралдарында қаншалықты жиі аталғаны негізінде жасалған. Алдын ала тізімге Қазақстанның 170-тен астам танымал әйелі енгізіліп, сарапшылар соңғы бағалау үшін 55 үміткерді іріктеген.
Толық рейтинг мынадай:
- Үміт Шаяхметова
- Мәдина Әбілқасымова
- Аида Балаева
- Ләззат Ибрагимова
- Әсел Тасмағамбетова
- Аружан Саин
- Анар Рахимбаева
- Ақмарал Әлназарова
- Жұлдыз Сүлейменова
- Елена Бахмутова
- Раушан Қажыбаева
- Гауһар Каппарова
- Гүлнар Досаева
- Эльвира Әзімова
- Әлия Молдабекова
- Динара Зәкиева
- Шынар Бүгімбаева
- Алина Алдамберген
- Әсел Жанасова
- Әсел Мұқажанова
- Баян Алагөзова
- Жания Әубәкірова
- Жанна Кан
- Гауһар Әбдіқаева
- Раушан Жақсыбай