Ертісте төрт күн ізделген 47 жастағы ер адамның денесі табылды

Ертісте төрт күн ізделген 47 жастағы ер адамның денесі табылды
Фото: freepik

Павлодар облысында Ертіс өзеніне батып кеткен 47 жастағы ер адам төрт күннен кейін өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ult.kz.

Қайғылы жағдай Сычевка ауылы маңында болған. Оқиғадан кейін құтқарушылар ер адамды іздеуге кірісіп, өзеннің екі жағалауын бойлай ауқымды жұмыстар жүргізген.

Жедел-құтқару жасағының мамандары қайықпен Ертістің 83 шақырым аумағын тексерген. Эхолот көмегімен 16 900 шаршы метр су айдыны зерттелсе, жағалаудың 10 шақырым бөлігі жаяу қаралған.

Сонымен қатар сүңгуірлер суға 34 рет түсіп, өзен түбінің 3 400 шаршы метр аумағын тексерген.

Төрт күнге созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде ер адамның денесі табылып, судан шығарылды. Іздестіру жұмыстарына төрт құтқарушы, бір техника және бір жүзу құралы жұмылдырылған.