Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ult.kz.
Президенттің Жарлығына сәйкес, Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалуына байланысты бұрын атқарған лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, 2022 жылдың 14 маусымынан Ерлан Тынымбайұлы Мемлекеттік кеңесшісі қызметін атқарып келген.