Елордада құбыр жарылып, Пушкин көшесін су басты

Елордада құбыр жарылып, Пушкин көшесін су басты

Елордада суық су құбыры жарылып, Пушкин көшесін су басты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Астана су арнасы» мекемесінің мәліметінше, бүгін сағат 12-30-да «ҚазГерҚұрылыс» ЖШС мердігер компаниясы жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында диаметрі 900 мм-лік шойын құбырды зақымдаған. Қазіргі уақытта аталған аумақта тұратын тұрғындарды басқа құбырға қосу және зақымданған құбырды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«Су жеткізу ұйымдастырылды. Су таситын көліктің қай жерде тұрғанын 76-76-76 нөмірі арқылы анықтауға болады. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - деді баспасөз қызметінен. 

Қазіргі уақытта Еуразия ұлттық университеті мен Отырар кітапханасы аралығындағы жолдың бойы жиек тастардың бойымен бірдей су басқан. Адамдар жолдан арлы-берлі аяқ киімдерін шешіп тастап өтуге мәжбүр.