Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Елордада коронавирус жұқтырушылардың саны тәулігіне 620 адамға жетті

Елордада коронавирус жұқтырушылардың саны тәулігіне 620 адамға жетті


Елордада коронавирус жұқтырушылардың саны тәулігіне 620 адамға жетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Елордада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып қалуда. Қала әлі де «қызыл аймақта» тұр. 11 маусымнан бастап қалада коронавирус жұқтыру жағдайларының өсуі байқалады. Соңғы аптада күніне жағдайлардың саны 350-ден 620-ға дейін өсті. Сәйкесінше апталық қарқынды көрсеткіш 2,8 есе артты. Соңғы аптадағы ауру деңгейі алдыңғы аптамен салыстырғанда 65 пайызға ұлғайды. Апталық қарқынды сырқаттанушылық көрсеткіші - 298,2. Репродуктивті саны - 1,315», - деді ол. 

Оның атап өтуінше, жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандардың саны 45 мыңнан асқан. 

«Пандемия басталғаннан бері 63 968 жағдай тіркелген Оның ішінде 43 866-сы симптомды және 20 102-сі симптомсыз», - деді Сархат Бейсенова.