Елордада қазақтілді онлайн контент жасаушылардың IV форумы басталды

Елордада қазақтілді онлайн контент жасаушылардың IV форумы басталды

Елордада қазақтілді онлайн контент жасаушылардың «QAZFORUM 2020» шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам медиамаман жиналды.

Форумның тақырыбы - «Жаңа онжылдықтағы БАҚ: өзгерту уақыты және өзгеру уақыты». Онда қазақтілді БАҚ дамуының жаңа тенденциялары талқылаланады деп күтілуде. Сондай-ақ, аталған шарада сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контентті жасаушылар қазақ тіліндегі контенттің өзекті мәселелерін ортаға салады. QAZFORUM-ның бастамашысы және идеологиялық шабыт беруші - Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі, ұйымдастырушы - Қазақстан баспасөз клубы. Осы жылы бұл шараны «Air Astana» АҚ, «KaspiBank» АҚ, «BI Holding» АҚ қолдаған.

«Қазақта «Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады» деген мақал бар. QAZFORUM осы көрініске сай - маңызды тенденцияларды ескеруді, жаңа кәсіптік білімнің көкжиектерін зерттеуді, алдағы сынақтар мен мүмкіндіктерге дайын болуды басшылыққа алатынына сенімдімін», - деді АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Х. Мозер форумның ашылуында.