Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Елордада қаламаңына қатынайтын автобустар қалай жүреді?

Елордада қаламаңына қатынайтын автобустар қалай жүреді?

Елордада қаламаңындағы ауылдарға қатынайтын автобустар бағдары өзгертілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" CTS компаниясына сілтеме жасап.

«№№ 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарлар қозғалысы уақытша тоқтатылды. 

№№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 311, 313, 314, 318, 319, 320, 321, 322, 326 қала маңына қатынайтын бағдарлар желіде», делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, Малотимофеевка ауылының маңында блок бекет орнатуына байланысты №318 қала маңына қатынайтын бағдар қозғалысы уақытша тоқтатылды.

№304, 322 бағдар Жібек жолы ауылына тас жол арқылы кіреді.
№ 306 бағдар Талапкер ауылына кірмейді. «Талапкер ауылы» аялдамасынан кері бұрылады.
№307 бағдар Алай базарына кірмейді.

«19 наурыздан бастап қала маңына қатынайтын бағдарлар жексенбі күнгі кестемен жүреді.

Барлық қалалық, экспресс және қала маңына қатынайтын бағдарлар сағат 21:00-ге дейін жүреді», делінген хабарламада.