Қазақстандық танымал отбасы Эльмира Төлегенова мен Ерболат Жанабыловтың ажырасатыны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Эльмира Төлегенова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Оның айтуынша, қазір ерлі-зайыптының арасында ресми түрде ажырасу процесі жүріп жатыр.
«Біз ажырасу процесіндеміз. Бұл хайп немесе басқа нәрсе емес. Қолдауларыңыз үшін, жанымнан табылғандарыңыз үшін көп рақмет», – деді Эльмира Төлегенова.
Эльмира Төлегенова мен Ерболат Жанабыловтың отбасы көпшілік назарында болған. Ерлі-зайыптының үш баласы бар.
Әзірге Ерболат Жанабыловтың ажырасу процесіне қатысты жеке пікірі жарияланған жоқ.
Айта кетейік, биыл ерлі-зайыпты блогер заңсыз онлайн-лотереялар ұйымдастырғаны үшін сотты болды.