Еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейеді

Еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейеді

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

29 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында 29 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

29 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Өңірле оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, түнде кей жерлерінде 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

29 қазанда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20, тіпті үдеп 25 метрге дейін жетеді.

Сол күні Өскемен қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Семей қаласында 29 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

29 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Сол күні Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.