Еліміздегі Каспиде салынатын жаңа порт Еуразияны байланыстырушы негізгі хабқа айналады

Еліміздегі Каспиде салынатын жаңа порт Еуразияны байланыстырушы негізгі хабқа айналады
ашық дереккөз

Guoyou Materials Group директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боян Құрық портының базасында Еуразиялық логистикалық хаб құру жөніндегі уағдаластықтар туралы айтты, деп хабарлайды ult.kz. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары барысында бізбен жеке кездесу өткізді. Еуразиялық байланыстырушы хабқа айналатын Қазақстандағы Каспийде жаңа порт салу жобасы Президент тарапынан мақұлданып, жоғары бағаға ие болды. Қазіргі уақытта біз бұл үдерісті белсенді түрде ілгерілетіп жатырмыз. Президенттің қатысуымен тараптар ресми құжаттарға қол қойды. Осы портқа салынған инвестициялардың жалпы көлемі $1 млрд-қа бағаланады. Бірінші кезеңде оның жылдық өткізу қабілеті 15 млн тоннаны құрайды, ал екінші кезеңде ол 25 млн тоннаға жетеді деп жоспарлануда. Жоба Қазақстанда 800 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Юй Боян.