Freedom Inside '26

Елімізде жекеменшік мектептердің саны екі еседен астам артты

Елімізде жекеменшік мектептердің саны екі еседен астам артты
ашық дереккөз

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығын азайту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ult.kz.

Осы мақсатта мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының дамуына қолайлы жағдай жасалуда. Бүгінде елімізде 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді, онда 3,9 млн оқушы білім алуда. Мемлекеттің елеулі қолдауының арқасында соңғы бес жылда жекеменшік мектептердің саны екі еседен астам өсіп, 856-ға жетті. 

«Бұл мектептерде 325 мың оқушы білім алып, 32 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Қазіргі таңда 749 жекеменшік мектеп мемлекеттік білім беру тапсырысын алады. Жекеменшік мектептер мен ондағы білім алушылардың ең көп шоғырланған өңірлері – Түркістан облысы, сондай-ақ Шымкент, Алматы және Астана қалалары», - деді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.