Елде жасырылған қару-жарақ қоймалары әшкереленді

Елде жасырылған қару-жарақ қоймалары әшкереленді
Фото: ҰҚК
 
Ұлттық қауіпсіздік комитет сәуір айында еліміздің бірнеше өңірінде жүргізілген арнайы операция барысында ірі көлемде қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленгенін хабарлады.
 
Жедел-іздестіру іс-шаралары Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыстарда заңсыз қару айналымының жолын кесу мақсатында жүргізілген.
 
Нәтижесінде барлығы 63 бірлік қару тәркіленді. Олардың қатарында 4 «Калашников» автоматы, 38 мылтық, 20 тапанша, «РШГ-2» реактивті гранатомет, сондай-ақ 4 граната және 188 оқ-дәрі бар.
 
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өнеркәсіптік жарылғыш зат табылып, тәркіленген.
 
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша тергеу және жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.
 
ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін мәлімдеді.