Freedom Inside '26

Екі жыл бойы танысын қорқытып келген: ШҚО-да 2,5 млн теңге бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды

Екі жыл бойы танысын қорқытып келген: ШҚО-да 2,5 млн теңге бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды
independent.co.uk

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында танысын екі жыл бойы қорқытып, ақша мен мүлкін иемденіп келген деген күдікке ілінген 39 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияның мәліметінше, күдікті 2023 жылдан бері жәбірленушіні күш қолданамын деп қорқытып, одан үнемі ақша талап еткен. Алдын ала есеп бойынша келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 2,5 миллион теңгені құрайды.

Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушіден Volkswagen Passat автокөлігін сатуды талап еткені анықталған. Көлікке қатысты мәміле жүзеге аспағаннан кейін ол танысынан 1 миллион теңге беруді талап еткен.

Заңсыз әрекеттер салдарынан жәбірленуші қомақты қаражатынан және мүлкінен айырылған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.