Екі шетелдік рұқсатсыз жұмыс істеп, жауапқа тартылды

Екі шетелдік рұқсатсыз жұмыс істеп, жауапқа тартылды
ашық дереккөз

Петропавлда қоғамдық тамақтану орындарының бірінде еңбек етуге тиісті рұқсаты жоқ екі шетелдік анықталды, деп хабарлайды ult.kz.

Көші-қон қызметінің рейді кезінде олардың бірі ас үйде және сауда залында жұмыс істегені белгілі болды. Екіншісінің еңбек ету құқығы тек жеке тұлғаға жұмыс істеумен шектелген.

Заң бұзған шетелдіктер мен оларды жұмысқа алған жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 1 236 шетелдік пен 593 Қазақстан азаматы жауапқа тартылған. Сот шешімімен 52 шетелдік ел аумағынан шығарылған.