Екі өңірде бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды

Екі өңірде бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды

Ауа райының нашарлауына байланысты екі өңірде бірінші ауысым үшін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен (-28 градус аяз) мен Семей қалаларында (-23 градус аяз), Алтай, (-30 аяз) Бородулиха (-32 аяз) және Ұлан (-28 аяз) аудандарында, Курчатов қаласында (-23 аяз), сондай-ақ Жарма ауданының (-30 аяз) Жаңғызтөбе, Шуақ және Жарық ауылдарында 1-4 сынып аралығында сабақтар болмайды.

Ал Шемонаиха, (-27 градус аяз), Көкпекті (-30 аяз), Бесқарағай (-28 аяз) аудандарында және Риддер қаласында (-27 аяз) 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Зайсан ауданында көктайғаққа байланысты 1-11 сыныптар үшін оқу процесі тоқтатылды.

Сондай-ақ Қарағанды облысының Шет ауданында 0-4 сыныптар оқымайды.

Айта кетейік, синоптиктер бірнеше өңірде ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жариялаған болатын.