Қазақстанда әрбір азамат мәйіттік донорлыққа қатысты өз шешімін eGov порталы арқылы тіркей алады, деп хабарлайды ult.kz.
«2023 жылдан бері қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығына келісім берген азаматтардың саны біртіндеп артып келеді. 2023 жылы мұндай азаматтардың саны шамамен 4 800 болса, 2026 жылдың алты айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 16 101 адамға жеткен. Сонымен қатар донорлықтан бас тарту жағдайларының саны да өскен. Бұл көрсеткіш 33 мыңнан 156 мыңға дейін артқан», – деді ҚР ДСМ Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Ситказинов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Спикер ағза донорлығына қатысты шешімді әрбір азамат өз еркімен қабылдайтынын атап өтті.