ЕАЭО елдерінің басшылары жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі бірлескен келісімге қол қойды

ЕАЭО елдерінің басшылары жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі бірлескен келісімге қол қойды
Ақорда

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ниетті, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО елдерінің басшылары жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

"Бүгін экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша бірлескен шешімдермен қатар, ЕАЭО аясында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы ортақ мәлімдеме қабылданды. Осылайша, ұйымымыздың сапалы жаңа даму кезеңіне өтуіне институционалдық жағдай жасалып отыр", – деп атап өтті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.