Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 29 қарашаға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Ауқымды антициклон ықпалының әсерінен әлі де республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың қиыр батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын мен көктайғақпен болады", - деп хабарлады синоптиктер.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел соғады деп болжанып отыр.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні түнде 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Алматы облысының Алакөл көлі ауданында желдің екпіні 28 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, солтүстігінде тұман болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен орталығында тұман түседі.