Қазақстандағы айырбастау орындарында доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды ult.kz.
10 қыркүйек сағат 16:45-тегі мәлімет бойынша, Астанада айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 454 теңгеден сатылып, 447 теңгеден сатып алынып жатыр.
Алматыда доллардың сату бағасы 450 теңге болса, сатып алу бағасы орта есеппен 447 теңгені құрады.
Қазақстан Ұлттық банкінің 10 қыркүйекке белгілеген ресми доллар бағамы – 456,89 теңге.
Бұған дейін экономикалық сарапшы қыркүйек айында доллар бағамының өзгеруіне қатысты болжам жасаған еді. Оның айтуынша, қазіргі 465 теңге шамасындағы бағам сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан негізді. Алайда күз-қыс айларында доллар бағамы 480–490 теңге аралығына дейін өсуі мүмкін.