Димаш Құдайберген «Вечерний Ургант» бағдарламасына қатысады

Димаш Құдайберген «Вечерний Ургант» бағдарламасына қатысады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік танымал «Вечерний Ургант» бағдарламасына қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Кездескенше Америка. Кездескенше Ресей. Ертең «Вечерний Ургант» бағдарламасының түсірілімі», - деп жазады әнші өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, 10 желтоқсанда Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласындағы «Barclays Center» аренасында концерт береді. Әнші өзінің «Арнау» бағдарламасын орындамақ. Мәдени шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.

Әнші Америкада төрт тілде ән шырқайды.