Димаш Құдайберген Каспий теңізіндегі қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді

Димаш Құдайберген Каспий теңізіндегі қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді
ашық дереккөз

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ақтауда қаза тапқан 18-19 жастағы әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында марқұмдарды «інілерім» деп атап, олардың өмірінің тым ерте үзілгеніне қиналғанын жеткізді.

«Балалық кезеңнен енді ғана шығып келе жатқан кезде жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені…» – деп жазды Димаш.

Әнші қаза болғандардың ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, Алладан сабыр мен күш тіледі.

«Ешбір ата-ана баласының артында қалмасын… Елімізде мұндай қасірет енді қайталанбасын. Қош болыңдар, бауырларым…» – деді ол.