Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев төрағалық еткен ведомствоаралық жиында талқыланды, деп хабарлайды ult.kz.
Бүгінде Цифрлық кодекс пен Киберқауіпсіздік туралы заң күшіне енген. Тексерулер барысында артық дерек жинау сияқты жүйелі бұзушылықтар анықталды.
Қазірдің өзінде айыппұл күшейтіліп, 8,5 млн теңге, яғни 2 000 АЕК-ге дейін жететін санкциялар енгізілген. Үкімет алдағы уақытта жаппай дерек таратуға қарсы одан да қатаң шаралар мен тұрақты мониторингті қарастыруда.