Мәжіліс отырысында депутат Қазыбек Иса Әділет вице-министрі Ботакөз Шаймарданқызына мемлекеттік тілде сөйлемегені үшін сын айтты, деп хабарлайды ult.kz.
«Мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін білесіз. Осында қаншама депутат мемлекеттік тілде сұрақ қойды. Бірақ сіз қазақ тілінде жауап бермедіңіз», — деді депутат.
Депутат министрліктен келесі жолы мемлекеттік тілде сөйлей алатын адам жіберуін немесе вице-министрдің өзі қазақ тілін үйреніп келуін талап етті.