Freedom Inside '26

Денсаулық сақтау министрлігі Ербаян Мұхтардың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі Ербаян Мұхтардың өліміне қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі әскери қызмет кезінде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі әскери қызмет кезінде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Ведомствоның мәліметінше, дәрігерлер үш жылға жуық уақыт бойы сарбаздың өмірін сақтап қалу үшін күрескен. Алайда ауыр бас-ми жарақаты салдарынан туындаған қайтымсыз өзгерістер оның өмірін аман алып қалуға мүмкіндік бермеген.

"2026 жылдың маусым айында негізгі ауыр сырқаттың аясында инфекциялық асқынулар, сепсис және көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы дамыды. 2026 жылғы 23 маусымда сағат 21:40-та науқастың биологиялық өлімі тіркелді. Өлімнің тікелей себебі – ауыр бас-ми жарақатының салдары мен оған қосылған асқынулар аясында дамыған көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы", – деп хабарлады министрлік.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, Ербаян Мұхтар 2023 жылдан бері әскери қызмет барысында алған жарақаттың салдарынан аса ауыр жағдайда болған. Ұзақ уақыт бойы тұрақты вегетативтік күйде жатқан науқасқа үздіксіз қарқынды терапия мен респираторлық қолдау көрсетілген. Соған қарамастан оның өмірлік маңызды көрсеткіштері біртіндеп нашарлаған.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен Ербаян Мұхтар қосымша ем алу үшін Түркияға жіберілген. Шетелдік мамандар да бастапқы диагнозды растаған.

Министрліктің хабарлауынша, 2026 жылдың маусым айында негізгі сырқат аясында инфекциялық асқынулар, сепсис және көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы дамыған. 23 маусым күні сағат 21:40-та оның биологиялық өлімі тіркелді.

Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, өлімнің тікелей себебі – ауыр бас-ми жарақатының салдары мен оған қосылған асқынулардан дамыған көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы.

Еске салайық, Ербаян Мұхтар әскерге дені сау күйде аттанып, қызмет барысында ауыр жарақат алған болатын. Оның жағдайы қоғамда кең талқыланып, көпшіліктің назарында болды.