«Денесін шөптің арасына жасырған»: Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторы қаза тапты

«Денесін шөптің арасына жасырған»:  Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторы қаза тапты
Коллаж: әлеуметтік желі

Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторы Мырзажан Жакенов қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, полицей қызметтік міндетін атқару кезінде күйеуінен жәбір көрген әйелге араша түскен. Осыдан кейін күдікті оған шабуыл жасап, нәтижесінде полиция қызметкері қаза тапты деген ақпарат тарады.

Марқұмның денесі қалың қысқы киімге оралып, гараждағы шөптің астына жасырылған. Кейін құқық қорғау органдары оның денесін сол жерден тапқан.

Мырзажан Жакеновтің артында жары мен төрт баласы қалды.

Марқұмның жақындары қылмысқа қатысы бар барлық адамның анықталып, істің жан-жақты әрі әділ тергелуін талап етіп отыр. Олар кінәлілердің заң аясында қатаң жауапқа тартылуын сұрайды.